"Ертіс" футбол клубының бұрынғы директоры Халымжан Ержанов 6 жылға сотталды

"Ертіс" футбол клубының бұрынғы директоры Халымжан Ержановқа қаржы полициясына пара берді деген айып тағылды.

Жазаны жеңілдететін біраз мән-жайларды ескеріп, сот Ержановқа 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесті.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын "Ертіс" клубының директоры Хәлімжан Ержанов жалдап тұратын пәтерінің алдында оның өзін және осы клубтың спорттық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққының астына алған болатын.

Беттеріне қара бетперде киген екі адам павлодарлық футбол клубының жетекшілерін әдейілеп торуылдағанға ұқсайды. Олар зардап шегушілерді арматурамен ұрған.

Поделиться
+1