Иракта содырлар жезөкшелер ордасын шабуылдап, 20 әйелді атып тастады

 

Белгісіз қарулы адамдар Бағдаттағы екі ғимаратта 29 адамды оқтың астына алды. Өлгендердің кемінде 20-сы - әйелдер.

Қылмыстың себебі әзірге белгісз, бірде-бір топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл ғимараттар бордель ретінде пайдаланылған. Олардың бірінің есігіне шабуыл жасаушылар: "Зинақорлықтың түбі осылай аяқталады" деп жазып кеткен.

Поделиться
+1