Астаналық полицейлер велосипедтерге отырғызылды (фото)

Елордалық полицейлер 1 шілдеден бастап тәртіп сақшылары велосипедке отырды. Әзірге, олардың саны алтау, бірақ патрульдеудің бұл түрі өзін-өзі ақтаса, велосипедтер саны ұлғайтылып, жаз маусымында ресми түрде қолданылатын болады, деп хабарлады astana.gov.kz сайты.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарының тыныштығын сақтау үшін құқық бұзушылық әрекеттерін болдырмау және жолын қию мақсатында саябақтар мен парктерде қолданылады. Бұл өте қолайлы әрі тиімді. Оның үстіне салауатты өмір салтын қалыптастырады".

Астана қаласының ІІД жол-патрульдік полиция полкінің командирі Арман Айтмағамбетов, Үш жылдамдықпен жүретін велосипедтер Ресейден әкелінді және GPS-навигаторлармен жабдықталған Полиция қызметкерлері үшін жеңіл форма тігілді, енді олар бастарына бұрынғы фуражканың орнына кепи киеді.

Жедел әрекет ету үшін де қажеттінің бәрі бар. Велосипедке мінген сақшылар көлік өте алмайтын саябақ аймақтарын аралайды.

Поделиться
+1