Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады.

Кей аймақтарда найзағай соғып, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп жазады ҚР ТЖМ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Республиканың оңтүстігі мен батысында күн ашық, кей жерлерде құмды дауыл болады деп күтілуде.

Ақмола облысының жел жылдамдығы 15-20, кей аумағында тіпті 25 м/с күшейіп, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай облысында кей аумақта жел 15-20 м/с жетеді, найзағай, тұман болуы мүмкін. Алматы, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысында жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында - жел жылдамдығы 15-20 м/с құрап, Қызылорда облысында құмды дауыл болуы мүмкін.

Поделиться
+1