Павлодарда 20 шілдеде 50 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беріледі

Павлодарда жаңа жылу маусымына дайындық жалғасуда. Елу шақты көп қабатты тұрғын үйге 20 шілдеге дейін ыстық суды қосуға уәде берілді деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. 


ТҮКШ бөлімі коммуналдық секторының меңгерушісі Алмаз Мусиновтің айтуынша, ыстық сусыз қалған көптеген үйлер Толстой-Естай көшелерінде орналасқан. 
-    Бұл аумақта ауқымды жұмыс атқарылуда және 15 шақты үй ыстық сумен қамтамасыз етілмей отыр. Бұл мәселені шешу үшін суды басқа камераға жіберу жоспарланып отыр, – деді А. Мусинов.
Қазіргі таңда қалалық пәтер иелері кооперативтерімен тұрғын үй қорының жүйесін тығыздау және гидравликалық сынақтар, жуу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні коммуналдық қызмет пен ПИК-тің бірлесуі нәтижесінде 300-ге жуық үй жаңа жылу маусымына дайын десе болады.

Поделиться
+1