Бір топ құс ұшақты құлатып түсіре жаздады

Кеше үндістандық Air India компаниясына қарасты жолаушылар ұшағы Ньюарктың (Нью-Джерси штаты) халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды. Оған ұшақтың бір топ құспен қақтығысуы себеп болған көрінеді деп жазады ҚазАқпарат шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мәліметтер бойынша, ұшақта 313 адам болған. Жолаушылардың бәрі Ньюарктан Мумбайға бет алған. Ұшақ жерден көтерілісімен оның бір қозғалтқышына құс келіп соғылған. Ұшқыш осы оқиғадан соң рейсті кейінге қалдыруды жөн көрген. Аз уақыт Ньюарк аспанын айналып жүріп, аман-есен ұшақ әуежайға қайта қонған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ұшақ техникалық тексеруден өткізіліп жатыр.

Поделиться
+1