2016 жылы Қазақстанда талапкерлерді бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі

2016 жылы Қазақстанда талапкерлерді бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Бұл туралы BNews.kz тілшісі ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 
«Бүгінде біз орта білімнің мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, мұнымен қатар бағалаудың жаңа жүйесі әзірленуде. Бұл жүйе тек оқу бітіргеннен кейін тапсыратын сынақты ғана емес, жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын қамтиды. Қазірде жоғары оқу орындарына талапкерлердің білім деңгейін ішінара анықтау мүмкіндігін беру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аслан Сәрінжіпов. 
Министрдің сөзіне сүйенсек, жаңа жүйені 2015 жылы сынақтан өткізіп, ал 2016 жылы оны білім саласына толық енгізу жоспарланып отыр.

Поделиться
+1