Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде күн тұманданып, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында және солтүстік-батысында көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматы, Ақмола, Оңтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман басып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтары тұманды, күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында, солтүстік-батысында және орталығында өрт шығу мүмкіндігі бар.

Поделиться
+1