"Арқанкерген" шекарашысы Денис Рей марқұм деп танылды

"Арқанкерген" шекара бекетінде қызмет еткен шекарашы Денис Рей қайтыс болған деп танылды деп хабарлайдыTengrinews.kz.

Успен ауданы сотының шешімімен ҰҚК Шекара жасағы №2484 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Денис Рей 2012 жылдың 28 мамырында "Арқанкерген" шекара заставасында қызмет ету барысында қайтыс болды деп танылды.

Бұған дейін павлодарлық шекарашының қайтыс болғанын анықтау мүмкін болмаған еді, себебі оның қалдықтары идентификацияға жарамсыз болып шықты.

"Германияның Шарите институтының сарапшылары сарбаздың қалдықтарынан оның жеке бас ерекшеліктерін ажырата алмады. Олардың айтуынша, сарбаздың сүйегі қатты күйіп, құммен араласып кеткен. Қалдықтардан ДНК молекулаларын алу анықтау мүмкін болмаған. Соның нәтижесінде Денис Рейдің өлімі анықталмады", - дейді Сарбаз аналары комитетінің төрайымы Людмила Костенко.

Сотқа қатысқан Бас әскери прокуратурасының өкілі Дінбаян Мұханбетқалиевтің айтуынша, ұлы марқұм деп танылғаннан кейін оның анасы Татьяна Рей тиісті жеңілдіктерге ие болады.

Сондай-ақ шекарашының анасы 800 мың теңге көлеміндегі біржолғы өтемақыны ала алады.

Еске сала кетейік, "Арқанкерген" шекара бекетіндегі қайғылы оқиға 2012 жылдың 28 мамырында болды. Оқиғадан екі күннен кейін 14 шекарашы мен бір орманшының мәйіті табылды. Екі шекарашы - Мейірхан Именов пен Денис Рейден басқалардың бәрінің кім екендері анықталды.

Поделиться
+1