Моторлы қайық пен теплоход соқтығысып, бір адам көз жұмды

Ертіс өзені маңындағы су акваториясында жекеменшік моторлы қайық пен «Екібастұз» теплоходы соқтығысып, бір азамат көз жұмды деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі Павлодар облысы бойынша көлік бақылау инспекциясы су көлігін бақылау бөлімінің бастығы Абай Қайыргелдинге сілтеме жасап.
Моторлы қайықтың жүргізушісі ажалын судан тапты. Жанында болған жолаушы құтқарылып, жағаға шығарылды. Төтенше жағдай кесірінен су астына кеткен қайық орталық құтқару тобы мамандарының көмегімен сыртқа шығарылды. Ал жүргізушіні іздестіру жұмыстары еш нәтиже берген жоқ. Төтенше жағдайға себепкер болған екінші көлік бүлінбеген.

Поделиться
+1