ОҚО тұрғыны Павлодарға 37 келі марихуана жеткізбек болған

Павлодар облысының Шідерті ауылындағы "Рубеж-Кереку" полиция бекетінде полицейлер Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан "ВАЗ" көлігін ұстады.


"36 жасар жүргізуші, Сарыағаш қаласының жұмыссыз тұрғыны және біреуі көлік иесі, екі жолаушы қолға түсті. Оларға өткізу үшін аса ірі көлемде есірткі сақтады және тасымалдады деген күдік тағылуда", - деп хабарлады ІІД Есірткімен күрес басқармасының бастығы Самат Райымбеков.Жүксалғыштың жасырын жерінде жалпы салмағы 37 келіден асатын есірткі салынған 13 полиэтилен пакет табылды.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Поделиться
+1