Қазақстанда зейнетақы өсіміне 275 млрд теңге бөлінді

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің базалық зейнеттік төлеміне біржолғы қайта есептеу жүргізіледі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Бұл мақсаттарға 137 миллиард теңге жарты жылға, ал бір жылға 275 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, азаматтың 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін және 1998 жылдан кейінгі зейнетақылық жүйеге қатысуын ескере отырып, жалпы 20 жыл еңбек өтілі барлар күнкөрістің ең төменгі жаңа мөлшерінен 70 пайыз көлемінде алатын болады.

Ал 35 жылдан астам ең өтілі бар зейнеткерлер күнкөрістің ең төменгі жаңа мөлшерінен 100 деңгейінде алады.

Министрдің сөзінше, күкөрістің ең төменгі мөлшерін есептеудің әдістемесі 2017 жылдың 1 қаңтарынын өзгереді.

Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленді.

Поделиться
+1