Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады, кей жерлерде тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс, оңтүстік-шығыс пен орталық өңірлерде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел күшейеді, ал шығыс аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, күндіз Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Солтүстік Қазақстан облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түседі. Ақмола облысында түнде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-0 м/с құрайды, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-батып пен орталық өңірлерде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.