Алып жер тесігі анықталды

Ямалда таңғажайып жер тесігі табылды. Ямалда газ және мұнай кен орындарына қызмет көрсететін ұшқыштар тікұшақтан табиғаттың тосын бейнесін видеоға түсіріп алыпты. Олар «түпсіз алып шұңқырдың үлкендігі сонша, оған бір уақытта бірнеше Ми-8 тікұшағымен қонуға болады» деп отыр деп хабарлайды baq.kz.
Бұл шұңқыр қалай, қайдан пайда болғаны жайлы дерек жоқ. Бірақ жорамал жасаушылар әңгімені сан-саққа жүгіртіп отыр: атом бомбасы жарылған соң пайда болған, метеорит құлаған немесе жатпланеталықтар шабуыл жасаған деп жазады rosbalt.ru.
Бұл видеоның авторы адамдар шұңқырдың жан-жағындағы жасыл желекті бір көргенде даланың шөбі деп қалуы мүмкіндігін, бірақ ол шөп емес, орман екендігін айтады. Осыдан-ақ тегіс жерде пайда болған бұл түпсіз шұңқырдың қаншалықты үлкен екенін болжай берсе болады.
Куәгерлердің айтуынша, шұңқырдың түбінде әлдене сарқырап ағып жатқан көрінеді және олар оның шуылынан құлақ тұнатынын жеткізеді.

Поделиться
+1