Павлодарда қаржы полициясы ішкі істер органы қызметкерін ұстады

Облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Павлодар қаласы ішкі істер басқармасы оңтүстік полиция бөлімінің жедел уәкілін ұстады деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


А. Қуандықов А. деген азаматты алаяқтық әрекеті үшін қылмыстық жазаға тартпау үшін одан 150 мың теңге пара алғаны үшін айыпталып отыр.


Бұл факт бойынша сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс тәртібінде қылмысты іс қозғалып, соттың қарауына жіберілді.

Поделиться
+1