Аймақтағы криминогендік жағдай тұрақты – Сұлтан Құсетов

Бүгін БАҚ өкілдерімен облыстық әкімдікте өткен брифиг барысында Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бастығы Сұлтан Құсетов осылай деп мәлім етті. 


Сұлтан Тұрлыұлының айтуынша, облыста жыл басынан бері тіркелген қылмыс саны 21 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, аса ауыр қылмыс түрі - 63 пайызға, кісі өлтіру - 37 пайызға, денеге ауыр жарақат тигізу – 46 пайызға, зорлау – 35 пайызға, қарақшылық шабуыл – 46 пайызға, бұзақылық – 54 пайызға, тонау – 29 пайызға, біреудің мүлкін ұрлау – 14 пайызға азайғаны байқалады. 


Сонымен қатар, көбінесе орын алатын жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – жүргізушілердің жауапсыздығынан болып отыр. Тәртіп сақшылары 41 мыңнан аса ережені бұзушылықтың алды алынды. Мас күйде көлік құралдарын басқарғаны үшін 2111 жүргізуші ұсталса, 395 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынып, 328 млн теңгеден аса айыппұл салынған.

Поделиться
+1