Осыдан біршама уақыт бұрын Павлодарское ауылында қара жамылған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты мәліметтер пайда болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов брифинг барысында айтты.
Ведомство бастығы бұқаралық ақпарат құралдары мүшелеріне ажал құшқан отбасы өліміне қатысты тергеу жұмыстары барысында жаңа болжамдар жасалып жатқанын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, қайғылы оқиға үстіміздегі жылғы сәуір айында орын алды.
Аталмыш елді мекендегі үйлердің бірінен 4 және 6 жастағы екі баланың, 30-35 жастағы ер адам мен әйелдің мәйіті табылды. Облыстық ішкі істер департаментінің мамандары осы уақытқа дейін отбасының қайғылы қазаға ұшырауына үй-іші жанжалы себеп болуы мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Отағасы жұбайы мен балаларын пышақпен жарақаттап, кейін өз-өзіне қол жұмсаған деген болжам бар.
Мәйіттерді отағасы жалдамалы үйден тауып алған. Көз жұмған жұбайының аяғы ауыр күйде болыпты.
Көршілердің айтуынша, отбасы мүшелері зиян әдеттерден аулақ болған. Ауылдастардың сөзінше, екінші рет үйленген отағасы екінші әйелінің балаларына деген қарым-қатынасы жақсы болған. Ресми деректерге сүйенсек, жанұя пәтер немесе үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы нәпақа тапқан.
Сұлтан Құсетовтың айтуынша, тұтас отбасыға қатысты қылмыстың бетін ашу барысында негізгі болжамдар жасалған. «Отағасы екі бала мен әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсауы туралы болжам да бар. Дегенмен, қылмысқа қатысты өзге де күдіктілер тергелуде. Қазіргі таңда қылмыстық іспен айналысып жатқан тәртіп сақшылары отағасы әскери борышын өтеген Владивосток қаласына аттанған. Бұл жерде тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілмек. Қылмыстың бетін ашуға қатысты нәтижелі іс атқарылады деген кенім бар», - дейді С. Құсетов. Әділет генерал-мойоры жантүршігерлік оқиғаға тоталитарлық секта мүшелерінің қатысы бар деген болжамды жоққа шығарды.