Астанада IРho өте жоғары деңгейде өтуде

Астанада өтіп жатқан Физикадан халықаралық олимпиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген АҚШ командасының жетекшісі Пол Стэнли айтты.

«Астанада өтіп жатқан олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айта аламын. Олимпиаданың тапсырмаларынан бастап, өткізетін орны, мәдени іс-шараларға дейін барлығы тыңғылықты жоспарланған. Біздің оқушылар ұйымдастырылуын, тамағын, жатын орындарын жоғары атап өтуде. IPho - бұл олардың мерекесі. Олар Қазақстанда болғандықтары үшін бақытты», - деді ол.

Оның атап өтуінше, бұл олимпиадаға қатысушылардың барлығының да жеңімпаз болуға мүмкіншіліктері мол. «Қазақстандық команда мықты, оның үстіне олимпиада үйлерінде өтуде. Әрине, алғашқы күннен кейін нәтижелер туралы айту қиын. Теориялық турдың тапсырмалары өте қиын болды. Біздің оқушылар жақсы дайындалған. Дегенмен олардың жүктелген міндет үдесінен шыққан, шықпағанын білмеймін. Бұл жерде осал оқушы жоқ», - деді Пол Стэнли.

Поделиться
+1