Ертіс ауданының тұрғыны өзін-өзі өртеп жіберді

Ертіс ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны үстіне 7 литр бензин құйып, өзін-өзі өртеп жіберген деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қызылжарлықтардың айтуынша, 25 жасар азамат бірге тұратын әйелімен жанжалдасып қалған. Ұрыс әлгі нәзік жандының «Басқаға кетіп қаламын!» деген мәлімдемесінен соң ушыққан. Ашуланғаны соншалық, 7 литр бензинді үстіне құйып, өзін-өзі өртеп жіберді. Осы әрекеті арқылы нақсүйеріне махаббатын дәлелдемекші болған. Абырой болғанда, ер азамат аман қалды. Мас жігітті үшінші және төртінші дәрежелі күйікпен аудандық ауруханаға жеткізді. Қызылжар тұрғыны денесінің басым бөлігі күйіп кеткен.

Поделиться
+1