«Қазақ батыры – Баянның туғанына 300 жыл толуына орай, оған арнап ескерткіш ашу рәсімі!!!»

Абылай ханнан барлық 3 ордадан қай батырын ерекше бағалайтынын сұраған кезде, ол былай деп жауап береді: «...Менің батырларымның ішінен байлығы мен мінезі жағынан бәсентиін Малай Сары мен ақылы мен ержүректігі жағынан уақ Баян бәрінен де жоғары тұр»

Шоқан Уәлиаханов

12 шілдеде Павлодар қаласында, «Сарыарқа» қонақ үйінің жанында қазақ халқының елеулі ұлы, аты шыққан қолбасшы және батыр – Баянға (1714-2014) арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

БаянБатырқазақ жеріне шегірткеше қаптаған жоңғарларға қарсы тұруда орасан үлкен роль атқарды, көптеген қантөгіс ұрыстарға өзі жеке араласты. Шапқыншыларды жеңу жеңілге соққан жоқ, қазақ халқының ұлдары, белгілі батырлары - Қожаберген, Бөгембай, Қабанбай, Райымбек, Қарасай – шапқыншылар жолында тірі қалқан болған аты атаусыз қалған ержүрек әскерлерімен қатар үлкен өз үлестерін қоса білді. Сондықтан олардың көпшілігіне, олардың ержүректігі мен әскери жетістіктеріне орай тәуелсіз Қазақстан атынан ескерткіштер орнатылып жатыр. Осы қатарда өзінің барлық саналы ғұмырын жоңғарлармен қарсы күреске арнап қазасын ат жалында, қантөгіс майданда тапқан Батыр Баян ерекше орын алады.

Бұл дегенің қазақ даласы басынан кешкен сұрапыл майдандар жылы еді. Ол заманда жас буын балалар, әйелдер мен ақсақалдардың өздері қылыштары мен найзаларын дайын ұстап, арғымақтарымен тұтасып бір болған кезең еді, оларды алға ұмтылдырған жалғыз арман – жеңіске деген ұмтылыс еді!!! Осы жеңіске белгілі ұлы батырлар - Қаракерей Қабанбай,   Өтеген, Нұралы хан, Әбілпейіз сұлтан, қанжығалы Бөгенбай...  сондай-ақ Баян, Малайсары, Олжабай, керей Жәнібек, Шақшақұлы Жәнібек, Есет, Наурызбай бастай білді. Олардың әрбірінің қол астында 10 000-нан астам әскерді жұмылдырған қол бірікті. Олардың қатарында Өтеген, Бармақ, Барақ, Ағыбай, Құлжан, Жантай, Елтін, Маян, Боранбай, Шынғожа, Қаратай, Тоқтамыс, Мамай, Кебек, Солақай, Жобалай, Шақантай, Қонақай, Күшікбай және басқа да жүздеген елеулі батырлар болды. Баян Батыр тарихта ерекше аталып кетеді, ондаған жоңғар бастарын қантөгіс жекпе-жекте қан қаптырған өзінің ержүректілігі, орасан зор күші мен айбаты аталып, осы қалпымен өзінің соңынан ерген мыңдаған жауынгерлеріне рух бере білді, жан аямай қантөгіс майданға бел шешіп кірісе білді.

Өзінің өмір бойғы жұмыстары мен қызметін ұлы қазақ батыры Баянға арнаған қазіргі заман зерттеушілерінің жұмыстарымен таныспыз. Олардың қатарына Баян батырдың замандасы, Баян Батырдың батырлық жеңістеріне куә бола білген абыз жырау Үмбетей Тілеуұлының баяны, ол XXVIII ғасырдан біздің заманымызға да жетті. Осы қатарға қазақтың елеулі ақыны Мағжан Жұмабаевтың белгілі «Батыр Баян» поэмасы, ол толық нұсқада Баян Батырдың 300-жылдығы қарсаңында «Фолиант» баспа үйінде басылып шықты. Осы жинақта алғаш рет қазақстандық оқырмандарға Моңғолияның белгілі жазушысы СұлтанТәукейұлының ұлы Батыр Баянға арналған «Алмас қылыш»туындысы таныс болды. Халық батыры Баян Батыртуралы көркем және деректі фильмдер түсірілді. Павлодар қаласында бой көтерген Баян Батырескерткішінің композициясын белгілі қазақ мүсіншісі Едіге Рахмадиев белгілі бизнесмендер, мемлекет қайраткерлері мен қарапайым азаматтардан жиналған қаражатқа көтерді. Бұл ескерткіш тарихта аты қалған, қазақ халқының жарқын тұлғаларының бірі, әйгілі Баян Батырға деген құрмет.

БатырБаянға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты 12 шілдеде, сағат 10.00-да өтеді.

Поделиться
+1