Италияда әуежайдағы ереуіл салдарынан мыңдаған туристер жүктерінсіз қалды

Римдегі «Фьюмичино» әуежайында итальяндық Alitalia әуе компаниясының жүкшілерінің ереуілі салдарынан мыңдаған туристер өздерінің жүктеріне қол жеткізе алмай қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ереуіл кеше кешке басталған. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Италиядан жүздеген ұшақтардың жолаушылары қол жүктерінсіз ұшып кетуге мәжбүр болған.

Өз кезегінде аталмыш әуежай өкілі қазіргі сәтте ереуілге байланысты жүктерді беруде кедергілердің туындауы уақытша екенін жеткізді.

Айта кетейік, Alitalia-ның жүк тиеуге жауапты қызметкерлері Итальяның ұлттық әуе тасымалдаушысы мен БАӘ-нің Etihad Airways әуе компаниясы арасында жасалған келісімге сәйкес персонал санын қысқартуға қарсы шығып отыр.

Оның негізінде итальяндық компанияның жер үстінде қызмет көрсететін 1590 қызметкерін қысқарту жоспарлануда. Ал жалпы 2000-ға жуық адам жұмысынан босатылмақ. Осылайша, Etihad Airways итальяндық компанияны құтқару үшін 1,2 млрд. евро салмақ ниетте.

Поделиться
+1