Омбыға оңды сапар...

Ертіс-Баян жұрты үшін көршілес жатқан Ресейдің Омбы өңірі төскейде малы, төсекте басы қосылып, аралас, қоралас болып кеткен мекен. Тереңде жатқан қазақ тарихының бір пұшпағы  осы аймақпен тығыз байланысты. Ертеден-ақ, талай ұлт зиялылары Омбыда білім алып, қызмет етіп, қаны қазақтың бір мекеніндей болған айрықша мекен. Бүгінде ондағы қазақ диаспорасымен, жалпы аталмыш өңірмен мәдени – экономикалық тұрғыда қарым-қатнас орнатуда Павлодар облысының орны ерекше.

Сапар барысында Павлодар облысының әкімі Қ.Бозымбаев пен Омбы облысының губернаторы, Омбы облысы Үкіметінің төрағасы В.Назаровтың қатысуымен бірқатар ресми іс-шаралар болып өтті..

Павлодарлық және омбылық бизнес өкілдерінің «Байланыс биржасы» іс-шарасы болып өтті. Омбы сауда-өнеркәсіптік палатасының ұйым-дастыруымен өткен жиынға  20-дан аса павлодарлық және  50-ден аса омбылық компания қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі өнеркәсіптік сектор мен ауыл шаруашылығы саласы өкілдері болды.

Ресейлік кәсіпорын басшылары павлодарлық бизнес өкілдерімен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Омбы өңіріне көмір, қиыршықтас, түрлі кабель-сымдары, энергия қуатын үнемдейтін шамдар, сонымен қатар көкөніс, ет-сүт өнімдері, бидай мен ұн жеткізу жайы сөз етілді. Ертіс өзенімен жүк тасымалын арттыру және екі өңірдің транзиттік әлеуетін көтеру мәселелері қаралды. 

Рухани тұтастық көкжиегі

Қос өңір арасындағы  келелі байланысты ары қарай тереңдете түсу мақсатында жуықта облыс әкімі Қанат Бозымбаев Омбыға арнайы делегациямен бірге іс-сапар жасады.

Ондағы қазақ диаспорасымен кездесіп, хал-ахуалын көзбен көрді, танысты, игі жетістіктеріне тәнті болды, мұң-мұқтажын  тыңдады.

Жылы жүздесу барысында Қанат Алдабергенұлы омбылық қазақтарға тіл мен дәстүрге деген сүйіспеншілік үшін ризашылығын білдірді. Әрі қазақтардың ана тілін Павлодарда үйренуі үшін жағдай жасауға уәде берді. 
– Болашақ – білімді жастардың қолында. Бүгін Омбыда 83 мың қазақ тұрады. Олардың 20 мыңы орыс тілінде білім алса, 300-і ғана қазақ тілінде оқиды. Біз оларға қазақ тілі мен дәстүрін үйренуге көмектескіміз келеді. Біздің университеттерде білім алып, жоғары оқу орнын бітіргенсе, туғантілін өзі терең меңгеріп, өзгелерге үйретсе нұр үстіне нұр болмақ. Әрбір қазақ өз тілін біліп, ата-баба дәстүрін сақтауы керек. Біздің бұл ретте көмектесуге қай жағынан да мүмкіндігіміз бар,-деді аймақ басшысы.

Омбылық қазақ оқушылар үшін қазақ тіліндегі кітапты сыйға тартты.

 Иә, Омбы мен Павлодарды байланыстарытын дүниелер көп. Қанат Алдабергенұлының осы жолғы сапарында тағы бір маңызды мәселе шешімін тапты. Атап айтсақ, жергілікті қазақтармен кездесу барысында Киров мешітінің имамы Кипиден Шамшуалиев павлодарлық делегациядан көмек сұрады. 
- Бүгін біз мешіт жанынан қазақ тілі курстарын ұйымдастыруды мақсат етіп отырмыз. Сондай-ақ, домбыра үйренемін деушілерге есік ашық. Бұл ата дініміз бен қатар мәдениетімізді, тілімізді сақтаудың бір жолы дер едім. Сондықтан осыған сіздерден жәрдемдесулеріңізді сұраймын, - деді ол.

 «Бізде имамдарды павлодарлық Әбу Бәкір Сыддық медресесінде оқытуға мүмкіндік бар. Сондықтан әлбетте, біз көмек көрсете аламыз. Сонымен қатар сіздерге материалдық тұрғыдан да жан-жақты қолдау болады», - деді Қанат Бозымбаев.
Аймақ басшысы жалпы мұндай игі бастамаларға ешқандай кедергінің жоқтығын, алдағы уақытта мұндай ынтымақтастықтың арта түсетіндігін тілге тиек етті.

Қазақстан – біздің болашағымыз. Ата жұртымызда бейбітшілік пен тыныштық болғанына өте қуаныштымыз. Бүгінде біздің басты мақсатымыз – шекаралас аумақтармен мәдени байланысты кеңейту, сондықтан біз павлодарлық және петропавлдық қазақтармен байланысты күшейткіміз келеді, - деп қазақ диаспорасының өкілдері қонақтарға зор алғысын жеткізді.

«Сен жанбасаң лапылдап...»

 Жалпы Омбыда өсіп-өніп білім алып жүрген қазақ жастарының ішінде небір алғырлары алға оза шығып,кейінгілерге өнеге болуда. Сол секілді қазақстандық жастарда мұнда емін-еркін білім алып, тәжрибе алмасып, қайтадан туған жерге туын тігіп жатқандығына мысал көп.  Солардың бірі осы уақытқа дейін омбылық қазақөтардың мақтанышына айналып үлгерген Макси Споткай.

Ол осында білім ала бастаған кезден-ақ  қазақ тілді жастардың басын қосып «Замандас» атты тіл үйрететін клуб құрады. Әрі үйрме қатысушыларына қазақ тілінен өзі тұрақты дәріс беріп келеді. Сол секілді, бүгінде клуб қабырғасынан «Замандас» атты қазақ тілде газет шығаруда. Ерекше айта ктеер жай,бұл басылым – Сібір жерінде шығатын қазақ тіліндегі жалғыз газет.

Бұған дейін ол орыс тілінде шығып тұрса, енді қазақ тілінде де жарияланып тұрмақ. Көрші елдегі қандастарымыздың мақтанышына айналған басылымның бас редакторы - Павлодарлық студент, Максим Споткай. Максимның газет шығару туралы  идеясын «Шоқан жолы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанның Омбыдағы консулдығы қолдаған.

   Басылым «Шоқан жолы» Қазақ дәстүрінің қайта өркендеуі» аймақтық қоғамдық ұйымының мұрындық болуымен жарияланды. 
«Бұл - Омбыдағы қазақ қауымына арналған мәдени-ағартушылық газет. Онда дәстүр, әдет-ғұрып, мәдениет сынды мәселелер қозғалмақ. Қазақ тілін үйренуге бір бет арнаймыз. Сосын Омбы облысында тұратын адамдар жайлы жазамыз. Мен өзім Орыс тілінде білім беретін мектепті тәмамдадым. Қазақ тілін мектеп бағдарламасы шеңберінде оқыдым. Тіпті, тілімді ширататын қазақтілді орта да болмады. Қазақ тілді меңгеруім, бірінші кезекте – білікті ұстаздардың еңбегі. Оқу барысында Абайдың тіліне деген сүйіспеншілігім ояна түсті. Қазіргі таңда дүйім жұртшылық алдында қысылмай сөз сөйлеу деңгейіне жеттім. Ұстаздарыма айтар алғысым шексіз!», - деді Максим Споткай. 

Иә, тереңнен өрілетін рухани сабақтастық, бұл жолғы павлодарлық делегация баруынан кейін тағы да жандана, қуаттана түскендей болды. Әлемнің әр түкпіріндегі ат төбеліндей қазақтың жайы біздер үшін зор маңызға ие екендігін тағы бір таныта алдық. Ажары өңді, даласы қоңды, Омбыға жасалған бұл оңды сапар болды.

Поделиться
+1
Прямой эфир
Мужчина после удара лопатой перестал разговаривать в Павлодарской области
 Ничего не понял - потерпевший (который разучился говорить) ударил первым, схватился за лопату - получил лопатой и ножом…
#Цыпа3 недели назад
Тюльпаны начали выращивать в Актогайском районе
Я тебя слепила из того что было .
#wlad4 недели назад
Павлодарская область находится на 4 месте по числу онкобольных
Не лезь туда, в чем ты не разбираешься!
#liana125011 месяц назад
В Экибастуз прибудут 23 новых автобуса
В компании "Нар-транс" позже принесли жителям извинения. Сообщив, что случившиеся стало неожиданностью и для них тоже.…
#Утка001 месяц назад
Долгий период из Павлодара, вероятно, не будут вылетать самолеты
Что мешало (или мешает) в составе проекта выполнить расширение аэродромной площадки, с обустройством второй (или…
#Утка001 месяц назад
Павлодарские депутаты обсудили с перевозчиками изменение тарифа на проезд в общественном транспорте
так и не прокачусь на новом трамвае... то не попадались они как-то, а теперь дорого, блин
#Dan85842 месяца назад
За год в Палодарскую область въехали больше 8,5 тысяч иностранцев
6 тысяч россиян в основном уклонисты кто не хочет участвовать в агрессии против Украины и не хочет быть удобрением в…
#тырмандыр2 месяца назад
Заблудившуюся в Павлодаре косулю вернули домой
Заблудившуюся в Павлодаре косулю вернули домой Она сама адрес назвала?
#wlad2 месяца назад
В этом году 100% дворов в Павлодаре будут освещены
Прокуратуру надо подключать...
#Аркадий3 месяца назад
Платная стоянка вдвое подорожала в Павлодаре
Кому не нравится - пусть ходят пешком. Или думают машину купил - стоянка бесплатно, бензин бесплатно, налог убрать и…
#Stanislav KrugLove3 месяца назад
Алюминиевые заготовки для производства вагонов хотят изготавливать в Павлодаре
Нынешняя система госзакупок вообще тянет всю нашу экономику и хозяйство на дно. Постоянно на уровне правительства и…
#Stanislav KrugLove3 месяца назад
Евромайдан.
o.k., Жириновский. Он говорил об этом 20 лет назад
#sergadm3 месяца назад
Профессия – источник дохода
Мля, глаза сломаешь пока до конца дочитаешь.
#wlad4 месяца назад
Режим ЧС объявят в Павлодаре, Аксу, Экибастузе, а также - в 9 районах области, пострадавших от ураганного ветра
"жители, чье имущество пострадало от ураганного ветра, могут рассчитывать на возмещение" - это развод, только…
#Yertys4 месяца назад
В гараже у жителя Аксу нашли рогов краснокнижного животного на 2 миллиарда тенге
Ущерб государству, причиненный задержанными, составил около двух миллиардов тенге В статье речь об одном задержанном…
#Jaman4 месяца назад
Три четверти высаженных в Павлодаре деревьев превратились в сухостой
HomerSimpson, нет, я лучше пойду переселюсь. Там деньги дают.
#Stanislav KrugLove4 месяца назад
В пригородном селе Байдала насчитывается больше трех тысяч свободных участков
Так попробуй доберись до этой Байдалы! Многим и даром не надо. Конечно там везде степь вот и полно участков, а людям на…
#HomerSimpson4 месяца назад
Пилотный проект по адаптации переселенцев и кандасов запустили в двух регионах Казахстана
HomerSimpson, переселитесь тоже куда-нибудь - будет и вам помощь с поддержкой)
#Stanislav KrugLove4 месяца назад
Труба может стать поводом для сноса дома пенсионерки в пригороде Павлодара
HomerSimpson, тут я так понмаю дело не в генплане. Дом построен в охранной зоне нефтепровода.
#sergadm4 месяца назад