ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Рылеев көшесінің бойындағы көпқабатты үйдің тұрғындары ТКШ жаңғырту бағдарламасына осымен екінші рет қатысып отыр.
2011 жылы үйдің шатыры жөндеуден өткен. Жаңа шатырға қатысты тұрғындардың ешқандай шағымы жоқ. Жаңа шатыр үшін әр пәтерден айына орта есеппен 800 теңгеден шыққан. Сонымен бірге көптеген пәтер иелерінің баспана көмегіне құқығына ие болды.
«Шығынның 60-70 пайызын мемлекет өз мойнына алды», - деп хабарлады тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі А.Әбенов.
Биылғы жылы тұрғындар ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша инженерлік қамтамасыз етуді жаңартуды шешкен. Мердігерлер мұнда жылу торабын ауыстырып, есептеу құралдарын қойып, пәтерлерге ыстық және суық судың тұрақты келуін қамтамасыз етті. Инженерлік желілерді жаңарту төлемдерін пәтер иелері бірнеше жыл ішінде төлемек.
Қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ақпараты бойнша, мемлекеттік бағдарлама бойынша 2014 жылы Павлодарда 16 үй жөндеуден өтеді. Үш үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.