Қазіргі таңда Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің мамандары 115 азаматқа іздеу салған. Олардың қатарында күдіктілер мен қылмыскерлер бар. Ал сегіз павлодарлық ауыр қылмыс жасаған, яғни адам өмірін қиған. Бұл туралы «Регион.kz» газеті жазады.
Үстіміздегі жыл басынан бері аймақта 174 қылмыскер іздестірілсе, олардың 18-і табылмады. Бір өкініштісі, полицейлер іздестіріп жатқандар қатарында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 90 тұрғын бар. Басым бөлігі табылса, 14 адамның тағдыры әлі күнге дейін беймәлім.
Мамандардың айтуынша, облыс бойынша 100 азамат хабарсыз кеткен болып есептеледі.Олардың қатарындағы 12 павлодарлық - 13 жасқа дейінгі жасөспірім.