Павлодар гипермаркетінде жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген күдікті анықталды

Павлодарлық гипермаркеттердің бірінде жарылғыш зат бар деген жалған хабар беру фактісі бойынша ҚР ҚК 242-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлер қоңырау шалған адамды анықтады. Мұндай әрекетке Павлодардың 39 жастағы тұрғыны барған екен. Тонау бойынша бұрын басы істі болыпты.

Жарылғыш зат туралы жалған хабар беру фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Атап өту керек, күдікті 200-ден 500-ге дейін АЕК көлемінде айыппұл төлеуге мәжбүрленеді немесе 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады.

 

Поделиться
+1