“STRATEGY PARTNERS GROUP» компаниясының президентіІ Александр Идрисов студенттерге дәріс оқыды

«Ertysh Invest-2014» халықаралық инвестициялық форумы шеңберінде «Strategy Partners Group» ЖАҚ-ның президенті Александар Идрисов С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы және бәсекеге қабілеттілігін арттыру тақырыбын арқау етіп, дәріс оқыды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі аталмыш ЖОО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Ресейдің белгілі консалтингтік компаниясының басшысы Александр Идрисов  - Павлодар индустриалды институтының (қазіргі С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың) түлегі. 
Александр Борисович кездесу барысында экономиканың тиімді құрылымдары, бәсекеге қабілетті жобалар жайында сөз қозғады. 
- Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін салаларды дамыту керек. Біріншіден, қолға алатын бағыт - туризм саласы. Туризм әлемдегі экономиканың ең ауқымды секторы болып табылады. Бұл туралы көбі біле бермейді. Ал Қазақстанның туризм үшін көпті қызықтыратын орынға айналуына барлық ресурстар мен табиғи мүмкіндіктер бар », -   деді ол.  
Сонымен қатар университетінің қонағы бүгінгі күннің жаңа технологиялардың экономикаға ықпалы туралы баяндады. Дәріскер мысал ретінде 3d-принтинг технологиясы шығаратын өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен қалдықтардың көлемін азайтуына себеп болатынын ортаға салды. Қазіргі таңда адамзат осы технология арқылы адам мүшесін басып шығару мүмкіндігіне ие болғаны белгілі. Ресейде қалқанша безі бойынша тәжірибе табысты жүзеге асуда.Осылайша жаңа технология арқылы донорлық мәселелердің шешілуіне жол ашылған. 
- Жалпы экономика құрылымына көз салар болсақ, экономикалық негізіміз тұрақты екенін байқаймыз.  Бұл - өнеркәсіптік өндіріс, коммерциялық қызмет және инжинеринг салаларының жетістігі.  Көш соңында қалмас үшін әр елде болашақтың секторлары пайда болуы тиіс. Сондай-ақ бүгінгі инвестициялардың нәтижесін біз 10 -20 жылдар кейін көретінімізді түсінуіміз керек. Бүгінгі таңда біз ІТ технологияларды, жаңа машина жасау технологияларын қолдауға міндеттіміз. Осы салаларға бүгін инвестиция салуымыз қажет. Дәл осы сәтте Қазақстанда өмір сүріп жаһандық мәселелерді шешуге қызмет ететін жаңа ұрпақты өсіруге  жағдай жасаған жөн. Бұл істі бүгін қолға алмасақ, біз мәңгіге кешігіп қаламыз. Өйткені, жылына 10 млн  жұмыс орынын құрып отырған Қытай мен Үндістан бар мүмкіндіктерімізден айыруы әбден мүмкін, - деді Александр Идрисов.

Поделиться
+1