Павлодарда зағип балалар арасында байқау өтті

Зағип және нашар көретін жандарға арналған облыстық кітапханада арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының оқушылары арасында «Брайль әдісі бойынша оқып, жазамыз» байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі білім беру басқармасына сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – нашар көретін және зағип жандар арасында Брайль жүйесін насихаттау. Шара барысында оқу жылдамдығы мен айқындылығына, оқушылардың сауаттылығына баса назар аударылды. Қазылар алқасының қорытындысымен І орынды 5-сыныптың оқушысы Вероника Герасимова, II орынды 3-сыныптың оқушысы Максим Бирюков, III орынды 6-сыныптың оқушысы Диляра Асаинова иеленді. Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ балаларды дайындаған Айсұлу Зарипова, Брайль сабақтары бойынша үйірме жетекшісі Жамал Кенжекбекова, тәрбиешілер Райгүл Махамбетова, Қарлығаш Мақсұтова, Анар Матенова алғыс хаттарға ие болды.

Поделиться
+1