Көліктердің соқтығысуы кезінде екі баланы періште қақты (видео)

"Алматыда қытайлық жүк көлігімен соқтығысу кезінде жеңіл көлік ішінде болған екі баланы періште қақты.

Daewoo Gentrа топырақ тиеген жүк көлігінің алдын кесіп өтемін деп соғылып, сол екпінмен екінші машинаның алдына бір-ақ шыққан. Одан қашамын деп сол екінші жүк машинасы да төңкеріліп түсті деп хабарлайды КТК арнасы.

Жүк көлігі соққан Daewoo Gentra жеңіл көлігінің артқы орындығында екі бала, алдынғы орындарда ата-анасы болған. Абырой болғанда, жолаушылар дін аман.

Ал аударылып қалған Isuzu жеңіл жүк автокөлігінің жүргізушісі де болмышы жарақат алған.

Ғаламторда пайда болған таспада оқиғаның нақты күні көрсетілмепті. Дегенмен жеңіл көліктің жол ережесін бұзғаны анық байқалады.

Поделиться
+1