CҚО-да қызы әкесінің өмірін 980 мың теңгеге бағалады

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Чистое ауылында қызы әкесін айуандықпен өлтірді деп хабарлайдыBNews.kz.

Облыстық прокуратурадағы 2 басқарманың бастығы Талғат Салпықовтың айтуынша, ауылдастары В.Пучковтың қазасы туралы естігенде абдырап қалыпты, марқұм ауыл-аймаққа сыйлы азамат болған көрінеді.

"2013 жылдың 24 қарашасында 1978 жылы туған С.Пучкова әкесінің бөлмесіне балға алып кіреді. Оның ұйықтап жатқанын көріп, басынан бірнеше рет ұрған. Одан кейін бірнеше рет пышақ сұғады. 1948 жылы туған жәбірленуші сол жерде жан тапсырған", - дейді Талғат Салпықов.

Оның айтуынша, Пучкова әкесінің өлгеніне көз жеткізген соң, үйдегі 980 мың теңгені алып кетіп қалған.

Биылғы жылдың 6 маусымында СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Пучкованы 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Поделиться
+1