Beeline Қазақстан нарықта үздік өсу қарқынын көрсетті, табысын, түсімін және абоненттер санын арттырды.
2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы Beeline Қазақстан жұмысының нәтижесі – табыс, түсім және абоненттер саны тәрізді, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсуі болды. Компания дауыстық және интернет трафиктердің тұрақты өскенін және олардың құны айтарлықтай төмендегенін атап өтуде.
Негізгі көрсеткіштер
Компанияның жалпы табысы 2013 жылғы II тоқсанмен салыстырғанда 8,4%-ға артып, 33 920 млн. теңгені құрады. Мәліметтерді мобильді жолдау сегментінің түсімі 22%-ға көтерілді, бұған қоса «дауыс» 6,3%-ға артты. Оператордың клиенттерінің саны 773 мыңнан асып, 9 568 мың абонентті құрады. 2013 жылғы II тоқсанға қарағанда белсенді абоненттік базаның өсуі 8,8%-ды құрады.
EBITDA көрсеткіші 16 530 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға жоғары Сондай-ақ компания, табыстылығын арттырды - EBITDA шоғырландырылған маржасы 0,8 пайыздық пунктке өсіп, 48,7%-ды құрады.
Абоненттік базаның белсенді өсуінің аясында клиентіміздің орташа шотының құны (ARPU) 2013 жылмен салыстырғанда 4% -ға төмендеп, айына 1057,8 теңгені құрады. Топтамалық ұсыныстарды дамытудың салмақты стартегиясының арқасында, абоненттеріміз желі ішілік қызметтерді тұтынуды арттыру мүмкіндігіне ие болды, сонымен бірге минуттар мен мегабайттардың орташа үлестік бағасы төмендеді. 2014 жылғы II тоқсанның қорытындысы бойынша ол 3,9теңгені құрады, бұл 2013 жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 10,6%-ғатөмен, ал мегабайттың құны 1,1 теңгеге төмендеді. Қызметтерді тұтыну көлемінің – дауыстық және data трафиктің өсуі – мынадай көрсеткіштерді сиапттайды – MOU көрсеткіші айына 326 минуттықұрады, бұл бұрынғыға қарағанда 8,5%-ғаартық; интернет-трафик шамамен 2 есеге - 81,8%-ғаартты. Егер 2013 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан клиенттері орта есеппен айына 127 Мбжүктесе 2014 жылы бұл көрсеткіш 231 МБ-ны құрады.
Өнімдер мен қызметтер
«Мобильді интернет Beeline Қазақстан бизнесі дамуының негізгі бағыты болып табылады. Біз, мобильді интернет қызметтерінің қатарын біршама жаңарттық – күндік, апталық және айлық топтамаларды енгіздік, танымал желілік ресурстар мен әлеуметтік желілерге тегін қосылу мүмкіндіктерін аштық. Мұндай қадамның нәтижесі мобильді интернетті қолданатын клиенттер санының айтарлықтай артуына алып келді», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко пікір білдірді.
Оператордың клиенттерінің арасында, көрші елге минутына небары 9 теңгемен қоңырау соғуға мүмкіндік беретін «Барлық Өзбекстан» бастамасына үн қатқандардың саны өте көп болды. 100 000-астам клиент осы қызметті пайдаланып, Өзбекстанға шамамен 1,5 миллион қоңырау соқты.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, компания жаз маусымына дайындалып, роумингтік ұсыныстарды жаңартты. Beeline мамандары «СуперВиза» қызметінің сапасын жақсартып, «СуперВиза L» және «СуперВиза XL» жаңа нұсқаларында көптеген жаңа мүмкіндіктер ашты.
«Кеңселік және мобильді бірыңғай желі» инновациялық өнімінің арқасында корпоративтік клиенттер, өздерінің байланыс шығындарын тиімді басқару мүмкіндігіне қол жеткізді. Бұл шешім, қоңырауларды тиімді бағыттап, қоңырау соғу уақытын қысқарту есебінен клиенттерімізге өз қаражатын үнемдеу мүмкіндігін береді.
Сымды интернет
2014 жылғы бірінші жарты жылдықта «Үйдегі Интернет» қызметінің табысы 15%-ға артты. «Үйдегі Интернет» қызметін қолданушылар саны 2013 жылғы маусым айының соңындағы көрсеткішпен салыстырғанда 26%-ға жоғарылады және 320 819 абонентті құрады. Бұған қоса, Қазақстанның төрт қаласының – Балқаш, Рудный, Абай, Хоромтау – қосылуы есебінен сымды интернет желісінің таралу аймағы 2014 жылғы шілдеде кеңейе түсті.
Әлеуметтік саладағы үлесі
Компания WiFi Bus әлеуметтік жобасын жалғастыруда және қалалық автобустарды ұшқыр 3G интернетке қосып жатыр. II тоқсанда Beeline-дық WiFi Busтар Орал, Көкшетау және Түркістан қалаларындағы бағыттарға шықты. Қазірдің өзінде еліміздің 6 қаласындағы 120 автобус өз жолаушыларын Beeline ұсынған тегін интернетпен қуантуда.
Мамыр айынан бастап, маусым айын қоса алғандағы аралықта дәстүрлі «Майдандасқа қоңырау соқ» науқаны өтті. ҰОС-ның ардагерлері мен тылдағы еңбеккерлерге өз майдандастарымен, достарымен, туыстарымен сөйлесу үшін, әлемнің кез-келген нүктесіне қоңырау соғу мүмкіндігі берілді.
Сондай-ақ, компания жаңа «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасын іске қосты, оның шеңберінде Қазақстандағы барлық әлеуметтік мекемелер тегін ұшқыр интернетке қосылады. Қосылу тізімінде – балалар үйлері, облыстық мектеп-интернаттар, мүмкіндігі шектеулі жандардың бейімделу орталықтары бар. 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның 6 қаласындағы 8 нысан қосылатын болады.
Beeline Қазақстан қызметінің негізгі көрсеткіштері
BEELINE Қазақстан, млн теңге
BEELINE Казахстан, млн тенге | 2 тоқ. 14 | 2 тоқ. 13 | 2014/2013 |
Жалпы табыс | 33 920 | 31 300 | 8,4% |
EBITDA | 16 530 | 14 989 | 10,3% |
EBITDA маржа, % | 48,7% | 47,9% | 0,8 р.р. |
Capex, USD | 17 337 | 37 228 | -53,4% |
|
|
|
|
Mobile |
|
|
|
Абоненттер ('000) | 9 568 | 8 796 | 8,8% |
ARPU (теңге) | 1 057,8 | 1 101,5 | -4,0% |
MOU | 326,1 | 300,5 | 8,5% |
Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы — мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, жалпытолқынды қол жеткізу технологиясының базасында интернетке қол жеткізу, Wi-Fi және үшінші сатыдағы 3G желісіне қосылу қызметтерін көрсететін әмбебап оператор.
2014 жылдың бірінші жарты жылдық көрсеткіші бойынша елімізде 9,6 миллионнан астам клиент Beeline қызметін пайдаланады. Beeline Қазақстан компаниялар тобының құрамына - «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline және Beeline Business бренді), «2DayTelecom» ЖШС және «TNS Plus»ЖШС кіреді.
Beeline Қазақстан Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «VimpelCom Ltd»» халықаралық телекоммуникациялық холдингі – абоненттер саны бойынша бесінші орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді. 2014 жылдың бірінші жарты жылдық көрсеткіші бойынша компания 220,6 млн. абонентке қызмет көрсетеді.
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі
8 (727) 350-05-75 ішкі нөмір 116-44, PR@beeline.kz