Beeline Қазақстан компаниясы «Азбука Связи» салондарында бірегей науқанды бастады. Жаңа ұсыныс абоненттерге планшет немесе смартфон сатып алу сәтінде, сыйлыққа 10Gb тегін трафик пен желі ішінде 100 минут тегін сөйлесу мүмкіндігі бар SIM-картаны сыйға алу мүмкіндігін ұсынады.
Beeline ұсынған мобильді интернеттің мүмкіндіктерімен бұдан да көп рахаттануға болады – теңгерімді әр жолы 1000 теңгеге толтырған сайын, қызметтердің баламалы топтамасы тағы бір айға беріледі. Бұған қоса, бұл трафик жинақталады.
Айта кететін бір жайт, бонустық трафиктер нөмірді белсендірген сәттен бастап, үш ай бойы және бір айда ең көбі үш рет беріледі. Нәтижесінде абонент 100 Гб дейін тегін трафик ала-алады – 10 Гб SIM-картаны белсендірген сәтте және 90 Гб кейіннен теңгерімді толтырған кезде.
«Біз әрқашан өз клиенттеріміздің қажеттілігін мұқият зерттейміз және оларға ең жақсысын ұсынуға тырысамыз. Планшет немесе телефон сатып ала отырып, клиент мобильді интернет пен сөйлесу минуттары түріндегі тамаша бонустарға қол жеткізеді. Қосымша қызметтер топтамасын сатып алудың қажеті жоқ, ал өз қаражатын клиенттер басқа операторларға, қалалық нөмірлерге қоңырау соғуға және SMS-хабарламаларды жолдауға пайдалана алады», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.
Толығырақ: http://beeline.kz
***
Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы — мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, жалпытолқынды қол жеткізу технологиясының базасында интернетке қол жеткізу, Wi-Fi және үшінші сатыдағы 3G желісіне қосылу қызметтерін көрсететін әмбебап оператор.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде 9,6 миллионнан астам клиент Beeline қызметін пайдаланады. Beeline Қазақстан компаниялар тобының құрамына - «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline және Beeline Business бренді), «2DayTelecom» ЖШС және «TNS Plus»ЖШС кіреді.
Beeline Қазақстан Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «VimpelCom Ltd»» халықаралық телекоммуникациялық холдингі – абоненттер саны бойынша бесінші орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді. 2014 жылғы бірінші жарты жылдықтың көрсеткіші бойынша компания 220,6 млн. абонентке қызмет көрсетеді.
***
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Beeline Қазақстан компаниясының Қоғаммен байланыс қызметі,
8 (727) 350-05-75 внутр. 101-51, PR@beeline.kz