Қарағанды облысында жантүршігерлік қылмыс! Балқаш қаласында колледж студенті 14 жастағы бойжеткенді бауыздап өлтірді деп хабарлайды КТК арнасы.
Өңірге өнерімен танылып жүрген 19 жастағы Станислав Ким қыздың 14 жерінен пышақ ұрыпты. Станислав Ким жақында қайырымдылық концертін де өткізген.
Одан түскен қаражатты ол мүгедек жігітке көмек ретінде аударыпты. Балқаш қаласының көзайымына айналған жігіттің қылмысқа барарын ешкім болжамаған.
Жас әнші 14 жастағы Виктория Шевкунованы кездесуге саябаққа шақырып, елдің көзінен таса жерде тап беріпті.
Полиция мәліметінше, ол бойжеткенге 14 жерден пышақ ұрған екен. Артынша қолға түскен күдікті қылмысқа жауапсыз махаббаттың кесірінен барғанын айтқан.