Visa демалысқа қазақстандықтармен бірге аттанды

 

Жазғы демалыстар маусымы қарсаңында Visa компаниясы қазақстандықтар жазғы демалыстарын қалай және қайда өткізуді жоспарлап отырғандарын және демалысқа қанша қаражат жұмсауға дайын екендіктерін біліп алды. Тұтынушылардың қалауларын зерттеуді Visa бастауымен 2015 жылдың сәуір айында GfK компаниясы өткізді.

 

Халық демалысын қалай жоспарлап, қалай демалады

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, отандастарымыздың көпшілігі үшін демалыс шын мәнісінде көптен күткен оқиға болып табылып, жазғы демалысын жоспарлауды олар ертерек бастауды қалайды: респонденттердің 60% астамы жоспарларын болжамды сапар алдында бірнеше ай бұрын жоспарлай бастаса, респонденттердің тек 5%[1] сәл астамы ғана демалысын ұйымдастыру үшін бір аптадан аз уақытты ғана қажет етеді. Бұл жағдайда қазақстандықтардың жартысынан көбі (55%) демалыстарын өз беттерімен жоспарлап, шамамен 9% турагенттіктердің қызметтерін пайдаланады, ал үштен бірінен сәл астамы (36%) турагенттіктердің қызметтерін пайдалануға да, өз бетімен саяхаттауға да әзір. Демалыс орнын таңдау барысындағы негізгі жайт болып тиімді баға (оны барлық респонденттердің 55% астамы атап өтті) және орын көркемдігі (47%) табылады.

 

Жазда қазақстандықтар, әдетте, екі аптадай демалады (респонденттердің 70% жуығы), ал жауап бергендердің  17% жазғы демалысына тек 7 күнтізбелік күнін арнай алады.

 

Қазақстандықтардың жартысына жуығы демалыс географиясын түрлендіруді ұнатады: 52% демалыстарын кейде Қазақстанда, ал кейде шет елде өткізсе, 32% демалыстарын әдетте Қазақстанда өткізеді. Шет елдерге шығатындардың 55% Қара теңіз жағалауындағы елдердің жұмсақ климатын таңдаса, тағы 27% — Оңтүстік –Шығыс Азия мен Еуропаны ұнатады. Қазақстанда дем алатындардың 91% жағажай күншуағынан ләззат алуды ұнатады (көбінесе — Бурабай. 45%), бірақ жиі жағдайда (75%) көрікті жерлерді тамашалауға (Алматы, Астана, Шарын шатқалдары), не тау-кен курортына («Медеу» мұз айдыны - 46%, Шымбұлақ – 33%) аттанады.

Күнге қыздырынып, толқынға тербелу – қазақстандықтардың 64% үшін ең қалаулы уақыт өткізу болса, 27% жуығы күнделікті күйбеңнен жаңа жерлерді зерттеу барысында, ал 5% — би алаңдарында және спорттың экстремалды түрлерін меңгеру жолымен белсенді тынығуға тырысады. Қазақстандықтардың 4% жуығы демалыс барысында да жұмыстарын естен шығармай, жұмыс поштасын тексеріп, телефон арқылы іскери мәселелерін шешіп отырады.

 

Жазғы демалыс барысында болмаса ісіңіз тынбайтын заттар бар. Әйелдер үшін де (87%), ерлер үшін де (73%) ең маңыздысы – демалысқа аттанғанда ұялы телефонды ұмытып кетпеу. Қазақстанның нәзік жандыларының демалыста көрікті болуға ұмтылысы косметикаға әйелдердің «демалыстағы ең қажетті заттар» тізімінің екінші орнын дәрі қобдишасымен ортақтаса иеленуге көмектесті (респонденттер 50% тең бөлінді). Ноутбук/планшет көріктілердің 36% дауысына ие болды. Ерлердің «ең қажетті заттарының» басты тізімінде екінші орынды топ жара отырып (63%) фотоаппарат / бейнекамера иеленді. Ерлердің дәстүрлі жарағы «ұстара» тек үшінші орынға орныға алды, яғни, ерлердің тек 38% демалыстарын ұстарасыз елестете алмайды.

 

Қазақстандықтардың армандаған демалысы болып Дубайдың ақ құмды жағажайлары табылады (30% астам), сонымен қатар, олар орта ғасырлық және гастрономиялық Францияны зерттеуден (18%), АҚШ Гранд-Каньоны үстімен ұшып өтуден (11%) немесе Австралия жағалауында серфингте күш сынап көруден (8% астамы) бас тартпас еді.

 

Қазақстандықтардың ең есте қаларлық демалысы туралы естеліктері бірнеше шытырман фильм негізін құра алар еді. Сонымен, ең есте қаларлық немесе әсерді демалыс туралы сұраққа жауаптар арасында – Жапонияда жанартауға шығу, Доминиканада әуе шарында күннің тұңғыш шұғыласын күтіп алу, Тибет тауларында аспалы көпірмен өту, Англия қалаларында велосипедпен серуендеу және көптеген басқа қызық.

 

Қазақстандықтар жазғы демалысында қанша қаражатты неге жұмсайды

Қазақстандықтардың жазғы демалысты ұйымдастыруға қанша жұмсауға дайын екендігін салыстырсақ, жағдай келесідей: сұрастырылғандардың елеулі бөлігі (39%) 2015 жылы жазғы демалысқа былтырғымен салыстырғанда көбірек жұмсауға, респонденттердің 39% тура сондай соманы жоспарлап отырса, респонденттердің 22% жазғы демалыстарын ұйымдастыру шығындарын 2014 жылмен салыстырғанда қысқартуды ұйғарып отыр.

 

Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі (73%) демалыс кезіндегі шығындарын жоспарлап алады.  Бұл жағдайда респонденттердің 40% астамы шығындарының кейбір баптары бойынша егжей-тегжейлі есептеулер жасайды; ал 33% демалыс барысында жұмсайтын жалпы соманы ғана жоспарлайды. Сұрастырылғандардың қалған 28% демалыс барысындағы шығындарын бөлек бюджетке келтіруге тырыспай, ақшасын ойламастан жұмсайды.

 

Қазақстандықтардың жазғы демалысы 14 күнді құрайтынын ескерсек, 45% жазғы демалысқа отбасының бірден үш айға дейінгі табыстарын, үштен бірі (31%) – отбасының бір айлық табысының жартысынан көп, бірақ толық табысынан аз қаражатты жұмсауды жоспарласа, 15% жуығы жазғы демалысқа отбасының бір айлық табысының жартысына дейінгі соманы бөлуге дайын.

 

Қазақстандықтардың көбінің жазғы демалысы алуан бағдарламамен сүйемелденеді: ойын-сауық –респонденттердің демалыс кезіндегі ең көп шығынының арнауы (жету және тұрақтауды ескермегенде), бұны сұрастырылғандардың 58% жуығы растады. Оған қоса, қазақстандықтардың 58% үшін шығындарының елеулі бөлігі сыйлықтар мен базарлықтарды сатып алуға жұмсалады. Бос уақытты өткізудің өзге түрлері де көпшілік сұранысына ие, олардың ішінде экскурсиялар, көрмелер, концерттер (респонденттердің 51%). Мейрамханаларға, кафе және барларға бару демалыс кезіндегі негізгі шығындар бабын сұрастырылғандардың 40% үшін құрайды. 23% қомақты сомаларды киім және аяқ киім сатып алуға жұмсайды. Жазғы демалыстарын сауықтырумен үйлестіріп, өздерін СПА, массаждармен және өзге wellness-процедуралармен еркелететіндер мөлшері 19% құрайды.

 

Тауарлар мен қызметтер үшін төлеу әдістері

Төлем карталары қазақстандықтардың әмияндарында өз орындарын сенімді басып отыр. Зерттеу нәтижелеріне арқа сүйесек, жазғы демалысқа аттанғанда отандастарымыздың 69% астамы төлем карталарын қолма қол ақшамен қатар алып жүреді. Сапарларында тек қолма қол ақшаға сенетіндер саны сұрастырылғандардың тек 31% құрайды. Саяхаттар барысында карталар бойынша ең жиі пайдаланылатын операция болып қолма қол ақша алу табылады: респонденттердің 77%  картаны жеке шотындағы қаражаттарға жедел қол жеткізу үшін пайдаланады; 35% картасын темір жол, әуе көлігі және автобус билеттерін сатып алу; 27% – тұрақтау, 24% картасымен мейрамханаларда, кафе және барларда есептесу кезінде пайдаланады.  Қазақстандықтар үшін картамен есептесудегі ең тартымды жайт болып ыңғайлық пен қауіпсіздік табылады – сәйкесінше 66% және 42%. Оған қоса, 38% қолма қол ақшаны ұстап жүрмеуге тырысатындықтарын және ағымды шығындарға өздерінде аздаған ақшаны ғана ұстап жүретіндігін атап өтті; карталармен есептесу барысындағы шығындарды бақылау және төлем жылдамдығы сұрастырылғандардың сәйкесінше 28% және 25% үшін шешуші жайт болып табылады.

«Жазғы демалысты жоспарлау – күнделікті күйбеңдегі ең қызықты мезеттердің бірі. Жазғы демалыс бізге алма кезек ауысқан серлер, жаңа сезімдер сыйлап, күш жинауға көмектесіп, жаңа белестерге жетуге итермелейді. Visa карталарының иелері Қазақстанда демалуды немесе таңсық елдерге саяхатпен еркелетуге ұйғарса да, Visa төлем карталары оларға демалысты ұйымдастыру үшін қажетті уақыт пен күшті үнемдеуге көмектеседі. Әуе билеттері үшін төлеу және қонақ үйді броньдау, мейрамханадағы кешкі астан ләззат алу және достар мен жақындарыңызға базарлықтар сатып алу– осының барлығын сіз Visa картасымен жылдам әрі қауіпсіз орындай аласыз» – деп атап өтті Галым Табылдиев, Visa Қазақстандағы және Орталық Азиядағы басшы менеджері.

 

Қазақстандықтардың жазғы есептесулер барысында қолма қол емес есептесулерді бұрынғыдан да белсенді түрде қолдануға дайындығын әсіресе атап өту қажет. Тауарлар мен қызметтер үшін төлеу картасын таңдауға әсер ете алатын жайттардың арасында қосымша жеңілдіктер (68%), бонустардың жинақталуы (50%), картамен төленсен сатып алудың бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі (48%) аталды.  Олардың 24% үшін ынталандыру болып төлем карталарын қабылдау орындарының көбеюі, 21% үшін – жедел жүлдені / базарлықты алу табылады.

Сауалнамада қатысқан сұхбаткерлердің көпшілігі Visa банк карточкасының иеленушісілер боп табылады. (Олырдың Visa Electron/ Visa Classic стандарттық карталар 91%, және Visa Infinite премиалдық карталар 6% есептелінеді).

Тұтынушылардың қалауларын зерттеуді Visa тапсырысы бойынша 2015 жылдың сәуір айында GfK компаниясы өткізді. Қазақстанның ірі қалаларының (тұрғындар саны 100 000 астам) тұрғындары арасында өткізілген онлайн-сұрастыруға 15-55 жас аралығындағы 413 адам қатысты.


Ақпарат көзі: осы жерде және әрі қарай мәтін бойынша: Қазақтардың тұтынушылық қажеттіліктерін жазғы демалыстар маусымы алдында зерттеу, GfK компаниясы Visa үшін, 2015 ж

 

Поделиться
+1
Прямой эфир
Школьникам из села Жетекши подарили новый автобус
Симпатичный яркий автобус. Я бы его со всех сторон изучил. Необычный транспорт
#Somik2 дня назад
Более 15 миллиардов тенге потратят на ремонт и модернизацию павлодарской ТЭЦ-2 в 2026 году
За системный подход к ремонту спасибо. За улучшение бытовых условий для сотрудников отдельное спасибо
#Somik2 дня назад
"Марш парков" пройдет на павлодарской набережной 3 апреля
Natalypvl, спасибо, что написали. Я узнал об этом уже на месте, увидел там только несколько сот скворечников, пазик и…
#Somik1 неделю назад
В травмпункте Экибастуза пьяная компания напала на врача
Отказываясь выйти из помещения, компания молодых людей стала наносить удары врачу. Судя по скриншоту у врача ну…
#wlad1 неделю назад
Павлодарец уехал на рыбалку, а домой вернулся без машины
- При осмотре багажника стражи порядка обнаружили несколько мешков с лещом общим весом 15 килограммов. 15 мешков и в…
#wlad2 недели назад
Павлодарская школьница выучила 9 языков и купила квартиру
Кто хочет, тот и добивается. Молодец!
#Somik3 недели назад
Павлодарские студенты-программисты проходят стажировку в Южной Корее
Возможностей пруд пруди. Новости некогда читать. Надо реализовывать возможности
#Somik3 недели назад
Триумф семьи Котенёвых
Молодцы!
#Somik3 недели назад
Чтобы спасти село от паводка, в Павлодарской области пришлось вскрывать дорогу
Тупизна некоторых жить без таких постов не даёт. Вот есть же человек/два/три, который/которые эту дорогу…
#wlad3 недели назад
Девушка родила ребенка в ванной и задушила его в Павлодаре
avgusta, это Irbistv.kz,  помойка. Но иногда и Павон подобным грешит, тоже носом тыкаю.
#wlad4 недели назад
Жизнь, посвященная истории края
Замечательное события. Приятно, когда помнят. Когда не просто так
#Somik4 недели назад
Через Пакистан, Индию и Непал: как велопутешественник из Павлодара покорил Эверест
История хорошая. Куда только Павлодарцы не ездят... Особенно на велосипедах
#Somik1 месяц назад
Павлодарские фермеры обеспокоены возможным запретом на экспорт овощей
Сколько живу, все одно и тоже: наше в Россию, а из России к нам...
#Somik1 месяц назад
57 работ художника Ария Школьного передали в дар павлодарскому художественному музею
Павон, за  семья переехала в Алма-Ату  большое спасибо?
#wlad1 месяц назад
В Павлодаре пенсионерку, которая собиралась перевести мошенникам полтора миллиона тенге, остановила сотрудница полиции
В Павлодаре пенсионерку, которая собиралась перевести мошенникам полтора миллиона тенге, остановила сотрудница полиции…
#wlad1 месяц назад
Павлодарских болельщиков приглашают на презентацию родного футбольного клуба
Интересно, как же в Павлодар будут добираться команды соперников? Как обычные гражданские, до Астаны и дальше на…
#John Wick1 месяц назад
Как пройдет референдум по принятию новой Конституции в Павлодарской области
765 милонов  на 3 тысячи человек итого 255тыщ на на нос за несколько дней работы. неплохо
#sergadm1 месяц назад
Ход реконструкции областного реабилитационного центра проверили аманатовцы
Реабилитационный центр, расположенный в Зеленой роще, входит в предвыборную программу партии. Вот-таки всеми шестью…
#wlad2 месяца назад
Популярные у павлодарцев огурцы и помидоры теперь в списке социально-значимого продовольствия
Интересно - а владелец магазина в деревне Павлодарские Ебеня за 200 км. от славного города Павлодара, где он продукты…
#wlad3 месяца назад
Иностранка пыталась продать почку в Павлодаре
sergadm, да, в количестве двух штук.
#wlad3 месяца назад
Футбольный стадион на 20 тысяч зрителей начнут строить в Павлодаре
А это точно начнут строить в 2026 году? Разве уже есть эскизы, ПСД, застройщик и т.д. Такая большая стройка так просто…
#John Wick3 месяца назад