Алматыда тағы да жантүршігерлік апат орын алды. Талғар тас жолымен шығысқа бағыт алған "КАМАЗ" қарсы бетте келе жатқан "Тойотаны" қағып кетті.

Оқыс оқиға салдарынан 4 адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың бәрінің жағдайы өте ауыр. Арасында кішкентай сәби бар.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жүк машинасы алдынан шыққан жаяу жүргіншілерді басып кетпеу үшін бірден қарама-қарсы бетке шығып кеткен. "КАМАЗ" жүргізушісінің өзі дін аман.
Ол қазір полиция қызметкерлеріне түсініктеме беруде. Апат салдарын қазір оқиға орнына шұғыл жеткен жол полициясының мамандары анықтауда.