17 жыл бұрын түрмеден қашып кеткен ер адам өз еркімен Екібастұз полициясына келді деп хабарлайды Қазақпарат ІІМ-нің қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сотталушының қауіпсіздік ережелерін бұзып, көлік құралдарын пайдаланғаны үшін Павлодар облысының Шідерті кентіндегі түзету мекемесінде 6 жыл жазасын өтегені анықталды. 1997 жылдың күзінде ол жазадан сытылып, белгісіз бағытта ізін жасырған", - деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Қазір ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Процессуалдық шешім қабылдау мәселесі шешіліп жатыр.
"Осы жазадан бұлтарған кезден бастап ҚР-да істі болғандарға бірнеше рақымшылық жарияланды. Қамауға алынған адамға да рақымшылық жасалуы мүмкін", - деп атап өтті ІІМ-нің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
