Алматыда 24 жастағы жігітті көршісі атып, мерт қылды

Алматы қаласының Түрксіб ауданында полицейлер аса ауыр қылмысты тіркеді. Кеудесіне оқ тиген жиырма төрт жасар жігіт оқиға орнында жан тапсырған.

ІІБ-ның жедел тергеу тобы кісі өлтіруге көрші арасындағы туындаған жанжал себеп болғанын орнатты.
Мерт болған жігіттің көршісі өзінің атына тіркелген травматикалық қару қолданған. Бұл қылмыс түнгі сағат 10-дар шамасында Сүйінбаев даңғылының бойында орналасқан жеке меншік үйлердің маңында орын алды.

Жергілікті жасөспірімдердің айтуынша, 34 жасар көрші оларды қорғау үшін жігітті тапаншамен қорқытпақ болған. Дегенмен, оқиғанын бұлай өрбитінін ешкім күтпеген.

АІІБ кісі өлтіруге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Поделиться
+1