Испанияның Памплона қаласында дәстүрлі бұқалар фестивалінде 4 адам жараланды. Қазір олар ауруханада жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Мыңдаған қала тұрғыны арнайы киім киіп, жыл сайын өтетін фестивальді көтеріңкі көңіл-күймен бастаған.
Ойынның шарты бойынша адамдар босатып жіберген бұқалардың алдына түсіп алып, қашуы тиіс.
Солардың төртеуі бұқалардың астында қалды. Бұл қанша қауіпті болса да, жыл сайын өтетін шараға қатысатын жұрттың қарасы көбеймесе, азайған жоқ. Испанияға келген саяхатшылар әсіресе осы шараны көруге құмар.
