13 шілдеде Рио-де-Жанейрода "Маракаан" стадионында футболдан Әлем чемпионатының 2014 жылғы жеңімпазы анықталады.
Ал Кубокты Бразилияның президенті Дилма Роуссефф өз қолымен табыстайды.
"Жексенбі күні мен кубокты табыстаймын. Бас жүлде Бразилияға тиеді деген үміттемін", - деп жазды Роуссефф.
Ал Бразилия командасы жеңіске жетуі үшін сейсенбі күні Белу-Оризонтидегі "Минейран" стадионында Германия құрамасын ұтуы керек.
