Күннің алғашқы жартысында Алматы ІІД-нің жедел басқару орталығына Елебеков көшесінің тұрғыны хабарласты.
Ол Медеу ауданында алкогольдік ішімдікке құмар адамдардың үйінде қараусыз жатқан нәресте туралы хабар берді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасының "Куәгер" бағдарламасы хабарлады.
Жеті айлық Виктория 26 жасар спирттік сусындарға әуес әйелдің қызы болып шықты. Анасы ұзақ уақытқа баласын таныстарының қарауына тастап кететін көрінеді.
Полицейлер баласына жауапсыздықпен қарайтын әйелді іздеуге кірісті. Ең алдымен оның жиі баратын жерлері тексеріледі. Оған қоса, осы әйелмен уақыт өткізетін жаңа серігінің аты- жөнін анықтайтын болады.
