Бразилиялық жанкүйерлер Сан-Паулуда жаппай тәртiпсiздiктер ұйымдастырды

Бразилиялық жанкүйерлер футболдан әлем чемпионатының 1/2 финалы барысында Сан-Паулу қаласында жаппай тәртiпсiздiктер ұйымдастырды, деп хабарлайды бiрiншiлiктiң Твиттердегi ресми парақшасы.

Бүгiн Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 7:1 есебiмен жеңiлiп қалған болатын.

Матч Белу-Оризонти қаласындағы "Минерау" стадионында өткенiн айта кету керек.

Ойын барысында Сан-Паулуда жанкүйерлер жаппай тәртiпсiздiктерге бой алдырып, көшеде өрт қойды. Полиция қызметкерлерi оларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. Әзiрге оның салдары жайында мәлiмет жоқ.

Поделиться
+1