Қазақстанда тамыздың алғашқы үш күні күн салқын болады, найзағай ойнап, жауын жауады, тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күн ыстық және жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды сәрсенбіде "Қазгидромет".
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның ауа-райына бұрынғысынша, солтүстік желмен ілесіп келген, арктикалық ауа әсер етуде.
"Осылайша жақын арадағы үш күнде де республика аумақтарының барлығы дерлік, онымен өткінші жаңбыр жауу, найзағай жарқылдау, жел қарқынының 15-25 м/с соғуы және температурасы әдеттегіден 3…6º төмен болуы байланысты, атмосфералық қысымы төмен аяда болады", - делінген хабарламада.
Тек оңтүстік және оңтүстік-батыста шамалы бұлтты, жауын-шашынсыз және температура нормаға жуық болады.
