Ресей, Украина азаматтары бар жүк кемесі Жапон теңізіне батып кетті

Жапон теңізінде түнде дауыл тұрып, Poline теплоходы суға батып кетті. Ресейдің Құтқару-үйлестіру мемлекеттік орталығының жедел кезекшілік бөлімі экипажда он адам болғанын, оның 9-ы құтқарылып, біреуі із-түзсіз жоғалып кеткенін айтты, -  деп жазады ИТАР-ТАСС.

Жоғалған теңізшіні іздеуге Сахалин теңіз-кеме шаруашылығының "Алдан" теплоходы, Жапонияның патрульдік кемесі мен Оңтүстік Кореяның "Golden shake" кеме экипаждары жұмылдырылды.

Кемеде болған 9 адам Ресей Федерациясының, біреуі Украинаның азаматы. Жүк кемесі Пластун портынан Қытайға бет алған.

"Poline" кемесі 1981 жылы Финляндияда жасалған. Кеме ұзындығы 83 метр, оған 3085 тонна жүк тиеуге болады.

Поделиться
+1