«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі ділің жүректегі»
Жүсіп Баласағұн
ТІЛ ТҰҒЫРЫ
Тіл туралы Заңның қабылданғанына - 25 жыл
Ана тіліміз- ұлттық мүдденің өзегі. Осы тілдің бір қызметі – ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. Бұл – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтудің ең маңызды салаларының бірі. Бұл – ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселе. Біз кезінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды зиялылымыз іс жүргізу қағазадры қазақшаланбайынша, еліміздің мемлекеттік тілі көгермейтінін көрегендікпен жазғандарынан да хабардармыз.
Тарихқа көз жіберсек, бұл мәселе сонау жиырмасыншы жылдары да қолға алынып, біршама шаруа тындырылып келген де, ақыры аяқсыз қалған көрінеді. Бұдан кейін де қазақ тіліне деген көзқарас әр кезеңде әр түрлі болған. Кеңес үкіметі жылдарында қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру туралы мәселе бірнеше рет күн тәртібіне қойылған.
Елімізде тілдік ахуалға қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында етек алады. Халқымыздың бақытына орай қазақ тілі 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Қазақ КСР-дің Тіл туралы Заңында мемлекеттік тіл болып бекітілді. Бұл туған тілді түлетудің бір сәті болатын.
Міне, туған тіліміздің төрге озғанына – ширек ғасыр. Бұл – ел тарихындағы , әлеуметтік - мәдени өміріміздегі елеулі оқиға. Осы Заңның ең басты артықшылығы – қазақ тілін мемлекеттік тіл деп қабылдағанында. Тіліміздің беделі көтерілді, мәртебесі артты.
Біздің Екібастұз қаласында да осы жылдары жалғыз қазақ мектебі жабылып қалар алдында тұрғанда,Тәуелсіздігіміздің таңы атқанда, әупірім деп бас көтеріп, мектеп басшысының, қаланың қазақ тіліне жанашыр зиялы қауымының қолдауы арқасында, бірнеше қазақ балабақшалары, мектептер салынып, тіпті спорт мектептері де бой көтерді. Қазір балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің саны беске жетті. Соның, облыс бойынша да бірегейі болып саналатын Жасыбай Батыр атындағы спорт кешені туралы біраз мәлімет беріп кетпекшімін.
Мектепте екі жүзу һәуізі, сегіз спортзал, үлкен 1000 орынды ойын залы, дәмхана, медпункт, екі монша бар. Біздің мектепте балалар мен жасөспірімдердің, жастардың спорттың 11түрімен шұғылдануына өте жақсы жағдай жасалған, қала мектептерінің оқушылары еркін күреспен, спорттық акробатикамен, бокспен, дзюдо күресімен, қазақ күресімен, бадминтонмен, жүзумен, шахматпен, ауыр атлетикамен шұғылданатын бірден бір үлкен спорт кешені болып табылады.
Осы жылдар ішінде біздің мектебіміз 20 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, оның ішінде әлемге әйгілі спортшылар Марат Жыланбаевты, Алмагүл Кашинаны, Дмитрий Готфридті, Азамат Смағұловты, Арман Махамбетовты, Роза Дауылбаеваны, Аделя Игісінді, Айсұлу Меңдібаеваны, Салтанат Абдрахманованы, Илья Очкинді, Светлана Анкичеваны, тәрбиелеп шығарды. Өзіндік ерекше орны бар, спорттық акробатика тобы, бірнеше шетелдере, АҚШ, Германия, Франция, Швейцарияда, Халықаралық жарыстарға қатысып, халықаралық спорт шебері атағына ие болды, үш шәкіртіміз, Азамат Смағұлов, Роза Дауылбаева мен Айсұлу Меңдібаева, өзіміздің мектепте бапкер болып қызмет істеуде, өздері сияқты чемпиондар ізбасарларын дайындауда.
«Жасыбай» БЖСМ –да қалалық, облыстық, Республикалық, Халықаралық жарыстар, чемпионаттар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар біздің залдарда қаланың ірі кәсіпорындары, «Үміт» балалар үйі балалары, мүгедектер қоғамының спортпен шұғылдануына, жарыстар өткізуіне жағдай жасалған, олар сонымен бірге тиісті
жеңілдіктерді пайдаланады. Ең бір айта кететін жәйт ол, мемлекеттік тілдің қолдану аясының ұлғаюы болып табылады, әр бөлімшеде бапкерлер өз жаттығуларында мемлекеттік тілді қолданады, ал спорттың барлық түрлерінен өтетін түрлі дәрежедегі қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың, ашылуы, жүргізілуі және марапатталуын, бірнеше тіл маманы, аудармашы қызметін атқарушы, Ғ.С.Қожамбердинова жүзеге асыруда. Былтырғы оқу жылында мектептің бапкерлері, әдіскерлері, медбибілері, әкімдік мүшелері, мекеме кезекшілері ҚазТест бағдарламасы негізінде сынақтан өтті. Әрине тілге қатысты істелінетін жұмыстар әлі де болса жетерлік.
«Жасыбай» БЖСМ ұжымы жас жеткіншектерде Қазақстандық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізу бағытында үлкен жұмыс атқаруда.
Павлодар облысы. Екібастұз қаласы.
ҚКХП бөлімшесінің баспасөз қызметі
