Каталонияда 10 мыңдаған адам наразылық шеруіне қатысты

Католониялық қалалардың әкімдік ғимараттары алдында 9 қарашада халықтық сауалнама өткізу туралы жарлықты Испания Конституциялық сотының тоқтауына байланысты 10 мыңдаған адамдар наразылық шеруге шықты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. 

Жаңбырлы күнге қарамастан, ең көп адам жиналған шеру Барселона қаласында өтті. Каталония туы түстес жейделер киген шерушілер «Дауыс бергіміз келеді, бізге демократия қажет!» деген ұран көтерді. 
Каталония Ұлттық ассамблеясы қоғамдық қозғалысының президенті Карме Форкаделл жиналғандар алдына шығып сөз сөйледі: «Ештеңеге қарамастан 9 қараша күні біз дауыс беретін боламыз. Мұны көпшілік талап етіп отыр», - деді ол. 

Поделиться
+1