Еліміздіңжетекші data-операторы - Beeline Қазақстан Kapital.kz іскерлік порталының мобильді нұсқасына тегін қосылу мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды. Компания клиенттері қазақстандық және әлемдік өзекті жаңалықтарды ұялы телефондарына тегін алатын болады.
Kapital.kz іскерлік порталы еліміздің саяси және экономикалық өмірінің маңызды оқиғаларын талқылауға арналған тиімді алаң болып табылады. Сайт контентінің бірегейлігі ақпараттық материалдардың эксклюзивтілігінде және іскерлік портал редакторларының меншікті талдамалық шолулар мен рейтингтерді дайындауында.
«Beeline Қазақстан интернет-бағытындағы жаңа идеяларды енгізуде. Open Media инновациялық жобасы, интернетті жалпыға дәріптейтін замануи және озық шешімдердің бір бөлігі болып табылады. Біз қоғамның дамуына ат салысамыз және клиенттеріміздің көптеген қызметтерге қол жеткізуі үшін, сондай-ақ халық арасында сұранысқа ие ресурстарға тегін қосылу мүмкіндігін иеленуі үшін жұмыс істейміз. Kapital.kz-ті біз жетекші іскерлік порталдардың ішінен, Қазақстандағы ең көп қолданылатын сайт ретінде таңдап алдық», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Тарас Пархоменко пікір білдірді.
Науқан өз жұмысын 2014 жылғы 24 қазанда бастап, 12 ай бойы әрекет етеді. Қызмет роумингте әрекет етпейді, науқанның таралу географиясы – Қазақстан Республикасының территориясы. Қосымшаны жүктеу абоненттің тарифтік жоспарына сай төленеді. Осы шарттар internet.beeline.kz немесе M-internet қосылу нүктелерінде әрекет етеді.
Қосымша ақпаратты www.beeline.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінен білуге болады
***
Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы — мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау, жалпытолқынды қол жеткізу технологиясының базасында интернетке қол жеткізу, Wi-Fi және үшінші сатыдағы 3G желісіне қосылу қызметтерін көрсететін әмбебап оператор.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде 9,6 миллионнан астам клиент Beeline қызметін пайдаланады. Beeline Қазақстан компаниялар тобының құрамына - «КаР-Тел» ЖШС (Қазақстандағы Beeline және Beeline Business бренді), «2DayTelecom» ЖШС және «TNS Plus»ЖШС кіреді.
Beeline Қазақстан Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.
Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «VimpelCom Ltd»» халықаралық телекоммуникациялық холдингі – абоненттер саны бойынша бесінші орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді. 2014 жылғы бірінші жарты жылдықтың көрсеткіші бойынша компания 220,6 млн. абонентке қызмет көрсетеді.
***
Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:
Beeline Қазақстан компаниясының Қоғаммен байланыс қызметі,
8 (727) 350-05-75 ішкі нөмір 126-95, PR@beeline.kz
