Атақты боксшы Майк Тайсон "Opie Radio" радио станция эфирінде басынан өткен таңқаларлық оқиғаны баяндап берді, деп жарыса жазды шетелдің БАҚ.
Ол радио хабарда бала кезінде зорлық-зомбылық құрбаны болғанын мәлімдеді. Тайсонның айтуынша, ол не бары жеті жасында көшеде ересек адам ұстап алып, адам жүрмейтін жерге сүйреп апарып, ұзақ уақыт жәбірлеп, мазақ етіп қорлаған.
Тайсон қылмыскерден әрең қашып құтылғанын айтты. Спортшы мұндай жағдай оның өмірінде екінші қайталанбағанын, балалық шақтың қорқынышты елесі санасында қалса да, қазір сол оқиға үшін өзін ұятты сезінбейтінін мәлімдеді.
1992 жылы Майк Тайсон зорлық-зомбылық жасағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған. Ол жолы жарты мерзімін өтеген. Содан кейін де Тайсон әр түрлі себептермен бірнеше рет сот алдында жауап берген.
