Аргентина президенті Кристина Фернандес де Киршнерден ішек қабынуы (сигмоидит) анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Кристина Киршнер Отаменди госпиталінде антибиотиктермен емделіп жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. Аргентина көшбасшысы жексенбі күні инфекция салдарынан температурасы жоғарылап, ауруханаға түсті.
Бірнеше жыл бұрын Киршнерден қалқанша без ісігі анықталған еді. Операция жасалғаннан кейін Аргентина президенті ісік жасушаларынан түгел арылды. Нақтыланған диагнозға қарағанда, Киршнерден анықталған ісік қатерлі емес болған.
Ал 2013 жылдың қазан айында Киршнер бассүйектегі қанды ісігін алдыртқан еді, бұдан соң мемлекет басшысы бір айға жуық уақытын сауығуға жұмсады. Осы жылдың шілде, қазан айларында Киршнер жұтқыншағы қабынып та ауырды, соның салдарынан бірнеше шараға қатысудан бас тартты. Мұның алдында дәрігерлер Аргентина басшысына арқа мен бел ауруына байланысты Оңтүстікамерикалық ұлттар саммитіне қатыспауға кеңес берген болатын.