Алматыда тапаншамен оқ жаудырған адам бостандыққа шықты

Ескі тоңазытқышқа бола адам атқан азамат темір торда бір түнеп қана шыққан. Қазір ол қолхатпен бостандықта жүр.

 
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Ал ауыр жараланған жәбірленуші әлі біраз ауруханада жататын сыңайлы. Тұрмыстық техника жөндеу орталығының ішіндегі бақылау камерасындағы жазбада жанжалдың қалай басталғаны жазылып қалған.

Клиент әйел бұзылған тоңазытқышты жөндетуге осы орталыққа алып келген. Бірақ мұндағы қызметкерлер техниканың ескі екенін, әрі кепілдік берген уақытының өтіп кеткенін айтқанда, тұтынушы айқай шығарыпты.

Соңынан күйеуін ертіп келіп, ол бірден қаруын кезенген. Қазір айыпты бостандықта. 1 миллион 800 мың теңге кепілақша беріп, ешқайда кетпеймін деп қолхат қалдырған.

Жәбірленуші тарап енді оның жазадан да сытылып кетуі мүмкін деп алаңдаулы.Тұрмыстық техника жөндеу орталығының директоры Денис Соловьев кінәлі адамдар жазасын алуы тиіс деп есептейді.

«Әріптестеріміз шулап кеткенде далаға шықсам, Николай Первухинді атып жатыр екен. Тал-түсте бұлай бей-берет оқ жаудыру масқара», — дейді ол.

Поделиться
+1