Израиль арнайы қызметтері сыртқы істер министрлігінің басшысы Авигдор Либерманға қарсы ұйымдастырылған қастандықтың бетін қайтарды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ-тар.
"Израиль қауіпсіздік қызметі Иордан өзенінің Батыс жағалауынан Израильдың сыртқы істер министрі Авигдор Либерманға қарсы қастандық жасауды жоспарлаған палестиндік ХАМАС қозғалысының бірнеше мүшесін ұстағаны туралы баяндады", - делінген жариялымда.
Үш күдіктінің Батыс жағалау бойынша министр кортежінің қозғалуы туралы мәліметтер жинап жүргені атап өтілген.
Өз жоспарын жүзеге асыру үшін олар гранатомент сатып алуға ниеттенген, деп есептейді израильдік арнайы қызметтер. Сонымен қатар ХАМАС ұйымы әшкере болған дата нақтыланбайды.