Бірнеше күн бұрын Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғыны Дарья Пономарева альпинистік жорықтар кезінде 60 метрлік биіктіктен құлап кетіп, омыртқасын сындырып алған.
Оны құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылды. Таулы Алтай жерінің ауруханасында Дарьяның омыртқа сүйектерінің сынғаны анықталды, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Жақын арада қыз Новосібір қаласына жеткізілмек. Достары оны тасымалдауға, ота жасатуға қажетті қаражатты жинау үшін "ВКонтакте" желісінде топ құрған. Алғашқы отадан кейін Дарья аяғын сезіне алғанымен, қозғалта алмайды.
Оқыс оқиғаға ұшырағанға дейін Дарья Пономарева белсенді өмір сүрген, спортпен, альпинизммен шұғылданған.
Ресейде, Германияда білім алған. Қазан қаласында жазғы Универсиадада ерікті болған оны новосібірлік "Короче говоря" газеті ағымдағы жылдың мамыр айында "осы айдың ең жақсы студенті" деп таныған, деп жазады sports.kz.